Абаттандыру
Koktobe City аулаларының ішінде көліктерге арналған орын жоқ – мұнда спорт алаңдары және ересектер мен балаларға арналған демалыс аймақтары орналасқан. Бірінші қабаттардың барлық террасалары осынау жайлы да қолайлы жерге қарайды. Көлеңке мен салқындықты қамтамасыз ететін ағаштар үйлерден де биік болып, тура бір балалық шақты еске салады. Бұтақтары кеңге жайылған биік ағаштардың арқасында балаларыңыз өздерін жасыл ғаламшардың бір бөлшегі ретінде сезінетін болады.
Көліктер болса жерасты паркингінде тұрады. Koktobe City қонақтары үшін де арнайы бөлінген жерлерде орналасқан көлік тұрақтары қарастырылған.